Сербия ҚР Президентінің ресми сапарын күтеді - премьер А.Вучич

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белградта Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемовтің Сербия Республикасы Премьер-Министрі Александр Вучичпен және Белград қаласының мэрі Синишей Малимен кездесуі өтті.
None
None

Кездесу барысында Александр Вучичке Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің 2016 жылғы мамырда өтетін IX Астана экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақыртуы тапсырылды.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Сербияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі болды.

Сербиялық Премьер-Министр саяси саладағы, сондай-ақ халықаралық бастамаларды өзара қолдаудағы Қазақстан мен Сербия қатынастарына жоғары баға берді.

Александр Вучич сербия тарапы Қазақстан Президенті Сербияға ресми сапармен келеді деп үміттенетінін, сондай-ақ сапар жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя отырып, екі ел астаналарының әкімдерінің кездесуін ықтимал ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
null

Соңғы жаңалықтар