Сербия президенті Александр Вучич 27 қыркүйекте отставкаға кететінін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – Сербия президенті Александр Вучич 27 қыркүйекте президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
– 27-сі күні президенттік өкілеттігімді тоқтатамын, – деді Вучич Pink телеарнасының эфирінде.
9 қыркүйекте Сербия президенті елдің бір палаталы парламенті – Халық скупщинасын тарату туралы шешімді бекітіп, кезектен тыс парламент сайлауын 25 қазанға тағайындады.
Кейін Вучич қыркүйек айының соңында отставкаға кетіп, кезектен тыс парламент сайлауына қарапайым азамат мәртебесінде дайындалатынын хабарлады.
Бұған дейін биліктегі Сербия прогрессивті партиясының төрағасы Милош Вучевич алдағы парламент сайлауында Вучичтің партиялық тізімді басқаратынын және премьер-министр лауазымына кандидат болатынын мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін Сербияда 25 қазанда кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін жаздық.