Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді

АСТАНА. KAZINFORM — Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет

Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі.

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет

Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. 

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді
Фото: Үкімет

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты. 

Айта кетелік Серб инвесторларына Қазақстандағы басым салалар ұсынылған еді. Сербияда 44 қазақстандық компания істейді

Соңғы жаңалықтар
Референдум