Сербия президенті елдегі жағдайға пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Сербия президенті Александр Вучич демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерге байланысты елдегі жағдайды бүгін түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Сербия президенті елдегі жағдайға пікір білдірді
Фото: vucic.rs

29 маусымға қараған түні Белградтағы әкімшілік ғимараты алдында 30 мыңнан астам оппозиция жақтастары мен студенттердің қатысуымен жаппай наразылық акциясы өтті.

Жастар елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді талап етті. Кейінірек митинг полициямен қақтығысқа ұласты — акцияға қатысушылар құқық қорғаушыларға пиротехника мен бөтелкелер лақтырған.

Құқық қорғау органдары оппозицияны тарату үшін күш қолдануға мәжбүр болды.

Сербия президенті Александр Вучич мемлекет өз жұмысын орындағанын және қоғамдық тәртіпті сақтауға толық қауқарлы екенін мәлімдеді.

— Бүгін мен Испания премьер-министрі Педро Санчеспен өте маңызды кездесу өткіздім. Ол үшін мен Сербияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағаны үшін алғыс білдірдім, — деді Вучич Севилья қаласынан журналистерге үндеуінде.

Кеше Сербияның бірнеше өңірінде қойылған баррикадаларға қатысты пікір білдірген президент халыққа алаңдауға негіз жоқ екенін, мемлекеттің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күші жеткілікті екенін айтты.

Айта кетелік Сербияда митинг өтіп, халық шұғыл кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті

 

Соңғы жаңалықтар