Сербияда 27 желтоқсанда президент сайлауы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – АСТАНА. KAZINFORM — Сербия президентінің міндетін атқарушы, Ұлттық жиналыстың спикері Александр Чупич елде президент сайлауы 2026 жылдың 27 желтоқсанында өтетінін мәлімдеді. Бұл жайлы ТАСС жазды. 

сайлау
Фото: Анадолы

— Сайлау 27 желтоқсанда өтеді. «Студенттер тізімінен» кандидат бар, — деді Чупич N1 телеарнасында.

Бірақ ол билеуші партиядан ұсынылған кандидаттың атын жарияламады.

Александр Чупич 19 қарашада Сербия Ұлттық жиналысының спикері болып сайланды. Оның кандидатурасын парламенттің 140 мүшесі қолдады. Парламент спикері лауазымымен қатар, ол ел президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін де арқалаған.

Сербия заңына сәйкес, жаңа мемлекет басшысы 27 желтоқсаннан кешіктірілмей сайлануы керек.

Еске сала кетейік, Сербияда парламент сайлауының қорытынды нәтижесі шығып, онда «Студенттер тізімі — Студенттер жеңеді» қозғалысы 53,01%, ал «Александр Вучич — Біртұтас Сербия» тізімі 38,98% дауыс жинаған болатын.