Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында су айдындарын балықтандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінен

Мемлекеттік тапсырыс аясында «Петропавл балық питомнигі» РМҚК-ны Сергеев су қоймасына балық жіберуді жүзеге асырып жатыр. 27 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында су айдынына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді. 

Жас балықты жіберу барысына ведомствоаралық комиссия бақылау жүргізді. Оның құрамына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалының мамандары кірді. 

Балықтандырудың мақсаты – табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау, көбейту және оларды тұрақты пайдалану. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында тағы бір су қоймасы мемлекетке қайтарылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар