Сергей Дворцевой Түркістанда тайқазан туралы фильм түсіріп жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Бүгін танымал режиссерді Түркістан облысының әкімі қабылдады. 

Түркістан облысы әкімдігі
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров режиссерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

Кинорежиссер атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарларымен таныстырды. Қазақстанның кинематография саласының дамуы жолында еңбек ететінін баяндады. Сонымен бірге кейінгі жылдары жүзеге асырып жатқан ірі жобасы – тайқазан туралы фильмнің жай-күйі туралы баяндады. Осы туындыны түсіруге қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын білдірді. 

Аталған фильмді түсіру барысында тарихшылар мен зерттеушілердің, мәдениеттанушылардың пікірлері назарға алынған. Түсірілім жұмыстарының басым бөлігі Түркістан мен Қарнақта жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Жетісайда қауын піскенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар