Сергей Емельянов 10 дүркін Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов топ жарды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, каноэ спортынан 500 метрде жұптасып жарыста Руфина Искакова екеуі мәре сызығын алғашқы болып қиды.
Айта кетсек, былтыр Жапония астанасы Токио қаласында өткен лицензиялық құрлық чемпионатында Сергей мен Руфина аталған қашықтықта жеңіс тұғырына көтерілген еді.
Осылайша Сергей Емельянов өз мансабында оныншы мәрте құрлықтық доданың жеңімпазы атанып отыр.
Қазірге дейін биылғы құрлықтық додада қазақстандық спортшылар екі алтын алып үлгерді. Байдаркамен 500 метр қашықтықтағы жарыста Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко чемпион атанса, Ольга Шмелёва әріптесі Ирина Подойниковамен бірге байдаркамен жұптық сында 500 метрге жарыста дәл сондай жетістікті бағындырды.
Сондай-ақ ел құрамасы қоржынында Қазірге дейін ел құрамасынан байдаркамен жарыста Стелла Суханова, Бекарыс Раматулла екінші орынға тұрақтады. Каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.