Сергей Кулагин: Қазақстан тәуелсіздігінің үшінші онжылдығында ұзақмерзімді дамудың биік мақсаттарын қойып отыр
Құттықтау мәтінінде: "Құрметті Отандастар! Сіздерді мемлекетіміздің ең басты мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауында аталып өтілгендей, егемендік, ұлтаралық татулық, қоғамдағы түсіністік пен тұрақтылық еліміздің басты құндылықтары болып табылады. Осы баға жетпес байлығымыздың арқасында біз талай биіктерді бағындырдық, экономикамызды нығайтып, табыстарымызды еселей түстік. Жаңа қазақстандық патриотизмнің негізі осы жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Еліміз осы аз уақыт ішінде жүзжылдықтарға тең жолды жүріп өтіп, халықаралық аренада жоғары беделге ие болды, сол арқылы қоғамның демократиялық дамуына жол ашылды. Екі онжылдықтан сәл ғана артық мерзім ішінде біз мықты мемлекет, жаңа экономика мен біртұтас қоғам құра білдік. Қазақстан тәуелсіздігінің үшінші онжылдығында өз алдына ұзақмерзімді дамудың басты векторын айқындайтын, биік мақсаттарды қойып отыр.
Мемлекетіміздің іргесін қалаған Президентіміздің асқан парасаттылығы мен алысты бағдарлай алатын көрегендігі бізді осындай табыстарға жетеледі. Бұл жетістіктеріміз әлеуметтік дамудың сан саласында орын алып отыр. Экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен толығымен арылту мақсатында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы іске асырылуда. Мұндай игі қадам талай жаңа зауыт пен фабрикалардың ашылуына, онда отандық өнімнің сан түрін өндіруге мүмкіндік берді.
Жыл сайын бізде жаңа оқу орындары, ауруханалар мен бала бақшалар салынуда. Оқып-тоқыған жастар елді мекендерге оралып, ауылдарды көркейтуге атсалысуда. Тиісінше оларға да қажетті жағдайлардың барлығы жасалып жатыр. Бүгінгі таңда еркіндік, табыс пен жеңіс рухын бойына сіңірген жаңа ұрпақ өсіп келеді. Олар өздерінің шығармашылық пен зияткерлік тұрығсындағы табыстары, игі істері арқылы біздің облысымыз бен Қазақстанды баршаға әйгілеп жүр. Құрметті ақмолалықтар, сіздерді осы ұлық мерекемен құттықтай отыра, өздеріңізге зор денсаулық, бақыт пен береке, мол табыс және республикамыздың игілігі жолында кәсіби жетістіктер тілегім келеді", деп көрсетілген.