Сергей Кулагин облыс активін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалық етуімен облыстық атқарушы органдардың және ұйымдардың, облыс әкімі аппараты бөлімдерінің басшыларымен және БАҚ өкілдерімен аппараттық кеңес өтті.

«Ағымдағы жыл қауырт жыл болды. Көп мәселелер шешілді, атап айтқанда Атбасар қаласы су тасқынының салдарынан зардап шеккен тұрғындарға үй салынды. Қазіргі уақытта соңғы үйді пайдалануға беруге әзірлеп жатыр, 2015 жылғы қаңтар айының аяғында берілетін болады. Калачи және Қоянды ауылдарындағы ахуал бойынша жұмыс келесі жылы жалғастырылады. Алғашқы көшіру қаңтар айында басталады», - деп атап өтті өңір басшысы

Облыс әкімі Қазақстанның барша жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп, Ақмола облысы еңбеккерлерінің де қомақты үлесін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының ережелерін басшылыққа ала отырып, өңірді дамыту мәселесінде әлеуметтік және ТҮКШ мәселелерін шешумен байланысты болатын басымдылықтар айқындалды.

Өңір басшысы облыс активін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірлесіп атқарған жемісті жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар
telegram