Сергей Лабодовский Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық маман Сергей Лабодовский Қазақстан U-19 құрамасына аға бапкер болып тағайындалды. 

Сергей Лабодовский
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Тәжірибелі бапкер «Қайрат» клубында түрлі қызмет атқарған. Бас бапкердің көмекшісі қызметінен бастап, уақытша бас бапкер болған. Сондай-ақ «Оқжетпес» клубында бапкер болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта ол «Atletico de Madrid Kazakhstan»академиясында спорт директоры қызметін атқарады.

Қазірге дейін Сергей Лабодовский Қазақстан U-19 құрамасында аға бапкердің көмекшісі болды.

Қазақстанда Владимир Чебурин қарағандылық «Шахтер», көкшетаулық «Оқжетпес» клубтарын жаттықтырды. Ол сондай-ақ шетелдік клубтармен де бас бапкер ретінде жұмыс істеді. Атап айтқанда, литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында үздік жұмысымен көзге түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Владимир Чебурин футболдан Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады.

Соңғы жаңалықтар