Сергей Попков «Оқжетпес» командасының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік маман Сергей Попков «Оқжетпес» командасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сергей Попков «Оқжетпес» командасының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: instagram.com/fcokzhetpes

Сергей Попков көшетаулық командаға 2021 жылдан бастап жетекшілік жасады. Былтыр бірінші лигада көш бастап, Премьер-лига жолдамасына ие болды. Дәл осындай көрсеткішке 2018 жылы да қол жеткізді.

«Оқжетпес» командасы бас бапкері міндетін атқару қазақстандық маман Андрей Ферапонтовке жүктелді.

Қазір ел біріншілігінде көкшетаулық клуб 17 ойыннан кейін 14 ұпаймен 11-орында келеді.

Команда бүгін өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдайды.

Аталған тур 12 және 13 тамыз күндері өтеді. Сенбіде 2 ойын болса, жексенбіге 4 кездесу белгіленген.

Бұл турдың 10 мамырында алдын ала өткізілген ойынында «Мақтарал» (Түркістан облысы) елордалық «Астанаға» 0:1 есебімен жол берген еді.