08:32, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Серік Ахметов Атырауда әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарда болмақ
АТЫРАУ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

Бүгін күннің бірінші жартысында С. Ахметов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп күтілуде. Одан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытында болу жоспарланған. Онда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы барысымен танысады. Сонымен қатар, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынған тереңдіктегі насостарды жөндеу бойынша сервистік орталықта және металлопластикті құбырларды шығару зауытында болу жоспарланған. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының өңірге жасаған сапары облыс әкімдігінде өтетін мәжіліспен аяқталады.