Серік Ахметов: ҚР моноқалаларды дамыту бағдарламасы әкімдер үшін емес, адамдар үшін дайындалуда

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Моноқалаларды дамыту бағдарламасы әкімдер үшін емес, адамдар үшін дайындалуда.
None
None

Бұл туралы Теміртауда моноқалаларды дамыту бойынша Республикалық семинар-кеңесте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов айтты.

 «Әкімдер бұл бағдарламаның қандай бағыттарында орталық мемлекеттік органдардың, облыстық әкімдіктердің рөлін күшейту керектігін, моноқалалардың өздерінде қандай әлеует барын, қандай да бір қаланы әртараптандыру жағына қалай өту керектігмізді, мемлекеттік қолдау механизмдерін есепке алатын қандай жобалар бары туралы айтып бергенін қалаймын», - деді С.Ахметов.

 «Естеріңізде болсын, бұл Бағдарлама моноқалалардың қала әкімдері үшін емес, ондағы тұрғындар үшін жасалынуда», - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

«Елдің  экономикасы өсу үстінде. Көптеген қалалардағы көші-қон айырмасы оң болып келеді, бірақ ол жеткіліксіз. Бірқатар мәселелер бар», - деп атап өтті С.Ахметов.

 Ол моноқалалардың әкімдерін негізгі мәселелерді атап, ұсыныстарды айтуға шақырды. «Нақты түрде сөйлеп, негізгі мәселелерді, негізгі сәттер мен ұсыныстарды атап өтіңіз», - деді С.Ахметов.

 Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда қала әкімдерінің көпсалалық мамандануымен моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша екікүндік семинар-кеңесі өтуде.

Соңғы жаңалықтар