Серік Ахметов Министрлер кабинетіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Министрлер кабинетіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшысын таныстырды.

Серік Ахметов Министрлер кабинетіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

«Құрметті әріптестер! Үкімет құрамында болған өзгерістермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Жаңа министрді құттықтап, өте жауапты жұмысына сәттілік тілеймін»,- деді Үкімет басшысы жаңа Білім және ғылым министріне қаратып айтқан сөзінде.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте А. Сәрінжіпов жақын арада ведомство еліміздегі білім саласын дамытудың тың қадамдарын ұсынатынын айтты.