Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды
Бүгін Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындаға дзюдо күресінен өткен Моңғолия чемпионатының екінші күнгі жарысы аяқталды.
Додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагананан басым түсіп, ақтың сында қарсыласы Д.Цэрэннямды вазари ұпайымен жеңді.
Айта кетерлігі, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы дәл осы салмақта Моңғолия біріншілігінің күміс жүлдесіне, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.
Ол Баян-Өлгейде дүниеге келген. Ол спортпен он жасынан бері шұғылданады. Сумо, самбо, моңғол күресі және дзюдомен айналысады. Көптеген жарыстардың жеңімпазы. Сумодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы.
Еске салсақ, Серік Бердімұратұлы 2017 жылы Астанада өткен «Әлем барысына» қатысып, жартылай финалға дейін жеткен еді.