14:43, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Серіктестік пен ынтымақтастықтың жаңа келісімінің қабылдануымен ЕО мен Қазақстан арасында қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталады - Ж.М.Баррозу
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Серіктестік пен ынтымақтастықтың жаңа келісімінің қабылдануымен ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың жаңа дәуірі басталады.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесі барысында Еуропалық комиссияның Төрағасы Жозе Мануэль Баррозу осылай деді.
«Серіктестік пен ынтымақтастықтың жаңа келісімінің қабылдануымен біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа дәуірі ашылады деп санаймыз. Жаңа буын құжаты серіктестік пен ынтымақтастық туралы кеңейтілген әрі барынша кешенді келісім болмақ»,- деді ол.
Сонымен қатар ол ЕО-ның Қазақстан барлық салада өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және республикада жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңғыртуларға қолдау көрсетуге дайын екендігін баса айтты.
«Еуропалық одақ Қазақстанның ДСҰ-ға өтуге ұмтылысын қолдайды әрі келіссөздер процесінің аяқталуын тағатсыз күтеді», - деді ЕК төрағасы.