Серікжан Бияшқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды - прокуратура

Бұған негіз болған Бияш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» - соғысқа шақыруы.
Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаменті 2019 жылғы 21 қаңтарда жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісін бастады.
Бияш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың 2019 жылғы 5 наурыздағы №499
қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр.
Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.
Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бияш Серікжанға қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі өндіріс жалғасуда.