Серік Егізбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының комиссия төрағасы болып сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Серік Егізбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды, деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Серік Егізбаев
Фото: Құрылтай

Таврия сарайында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия төрағасы болып Құрылтай депутаты Серік Егізбаев сайланды.

Серік Егізбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының комиссия төрағасы болып сайланды
Фото: Құрылтай

Отырыста парламентшілер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің пайдалы қазбалар қорлары, ресурстары мен кен орындарын игеру жөніндегі сарапшыларының және құзыретті тұлғаларының кәсіби қызметіне қатысты ұсынымдар жобасын қарады.

Серік Егізбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының комиссия төрағасы болып сайланды
Фото: Құрылтай

Сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстарын басқаруды жетілдіру, қауіпті табиғи құбылыстарды ерте ескерту жүйелерін дамыту және құрғақшылық жағдайында ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерін енгізу шаралары талқыланды.

Бұған қоса, парламентшілер «Таулы аумақтарды орнықты дамыту» екінші халықаралық форумының шешімдерін іске асыруды, сондай-ақ ТМД кеңістігінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру әдістері мен осы саладағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

Бұған дейін Евгений Кочетов ҚР Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметке ие болғанын жаздық.