Серік Нұрқадыров Қонаев қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды

мәслихат депутты
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

 ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша Серік Нұрқадыров жеңіске жетті.

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, Серік Нұрқадыров 1975 жылы туған. Бұған дейін Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы болған. Қонаев қаласының тұрғыны, ұлты – қазақ, кандидатты «АMANAT» партиясы ұсынған.

Еске салайық, Қонаевта шығып қалған мәслихат депутатының орнына халық қалаулысын сайлау өтіп жатқанын хабарлағанбыз. Депутаттыққа үміткер ретінде үш азамат: Серік Нұрқадыров, Біржан Чимчиков, Игорь Каплюков тіркелген болатын.

Сондай-ақ, Алматы облысы мәслихаты депутаттарының бірауыздан дауыс беруімен Қуат Сұлтанұлы Байғожаев Алматы облысы мәслихатының төрағасы болып сайланғанын хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар