Серік Теміржанов Қазақстан спартакиадасында күміс медальді қанағат тұтты

Бокстан Қазақстан спартакиадасының финалында 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Каzinform. 

Серік Теміржанов
Фото: Sports.kz

Бұл кездесудің басты фавориті саналған Серік шешуші айқаста 63,5 келі салмақта өнер көрсететін қарсыласы Мұхамедсабыр Базарбайұлынан жеңіліп қалды. 

Серік Теміржанов 2021 жылғы Белградта өткен әлем чемпионатында да күміс жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Астанада өтіп жатқан Қазақстан спартакиадасының финалында топ жарғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар