Серік Жарасбаев: Қазақстанда пара хоккейдің дамуына барлық жағдай жасалған

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Қазақстандағы пара хоккей спортының дамуы жайлы айтты. 

Серік Жарасбаев: Қазақстанда пара хоккейдің дамуына барлық жағдай жасалған
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

Ол Қазақстанда пара хоккей спортының дамуы жоғары деңгейде екенін атап өтті. 

– Пара хоккейден Қазақстан құрамасы тұрақты түрде халқаралық жарыстарға қатысып келеді. Оның ішінде бүгінгі өтіп жатқан пара хоккейден (B-пул) әлем чемпионаты бар. Өткен жылы, отандастарымыз елімізде өткен осы бәсекеде жақсы өнер көрсетті. Шетелдегі халқаралық жарыстардада атой салып жүр. Сол себепті, халқаралық ұйымдар бізге назарын аударып, осындай жоғары деңгейдегі жарыстарды елімізде өткізуге мүмкіндік беріп отыр, - дейді вице-министр.

Серік Жарасбаев сонымен қатар елімізде пара хоккей спортының дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты.

– Мемлекет басшысының қолдауының арқасында, министрлік пен ұлттық федерация 5 жыл бұрын жұйелі жұмыстар атқара бастады. Елімізде бұл спорттың дамуына барынша жағдай жасалған. Бүгінгі өтіп жатқан әлем чемпионаты министрліктің қолдауымен жоғары деңгейде өтіп жатыр, - деді ол.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы бүгін 19:00-де алғашқы ойынын Швецарияға қарсы өткізеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы турнир айналмалы жүйе форматында өтеді. Жарыстың қортындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген командалар A тобына өтсе, соңғы орын алған құрама C тобына түседі.

Сондай-ақ Астанада өтетін бұл біріншілікте Милан — 2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Іріктеу жарысы 2025 жылдың 5-10 қарашасы аралығында Норвегияның Йессхейм қаласында өтеді. Бұл жарыста Паралимпиадаға тікелей жолдама алатын құрамалар анықталады.

Соңғы жаңалықтар