Серік Жеңісов ШҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды

Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Серік Жеңісов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

тағайындау
Фото: ШҚО әкімдігі

Серік Жеңісұлы 1983 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.

2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде қоғамдық пікірді мониторингтеу және талдау, бұқаралық саяси жұмыс бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2006-2009 жылдары «Директорлар кеңесі» заңгерлік тұлғалар ұйымының Шығыс Қазақстан облысының аймақтық одағында экономист-сарапшы, 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасында жастар саясаты мәселелері және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2018-2019 жылдары «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, 2019 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болды.

2020-2021 жылдары «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (Астана қаласы), 2021-2022 жылдары - «Saryarqa aqparat» ЖШС директорының орынбасары (Қарағанды қаласы) болып жұмыс істеді.

Қазіргі лауазымға тағайындалмас бұрын Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 

Соңғы жаңалықтар