«SERPIN» қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубы құрылды - ОҚО

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін белсенді жастардың бастамасымен Шымкент қаласында «SERPIN» қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубы құрылып, оның алғашқы отырысы өтті.
None
None

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жобаның «SERPIN» деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. «Серпін» тұлғаның алға ұмтылуы, өмірге деген құштарлық. Мағжанша айтқанда, қазақ жастарының «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» болуы. Ендеше қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубының мақсаты қоғамдағы қызу талқыланатын мәселелерді қаузап, атқарушы билікке нақты ұсыныстар айтылатын ашық алаң болмақ», - делінген баспасөз хабарламасында.

Клубтың ай сайынғы отырысына Астана мен Алматы қалаларынан сарапшылар шақырып, жастар арасындағы мәселелерді талқылау және одан шығар жолды бірлесе іздеу көзделіп отыр.

Жаңа құрылған клубтың басқосуындағы алғашқы мәселе де жастарға арналды. «Жастар арасында жұмыссыздықты жоюдың тиімдi жолдары» тақырыбымен өткен жиынның алғашқы отырысына Астанадан арнайы келген «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Құрманғали, өңірдегі зиялы қауым және жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар