13:49, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Сеул - Астана - Сеул жаңа рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның «Asiana Airlines» авиакомпаниясы 2015 жылғы 8 тамызда Airbus 330 түріндегі заманауи әуе кемелерінде аптасына 1 рейс жиілікпен Қазақстан мен Корея астаналары - Сеул мен Астана арасында ұшатын тұрақты рейсті ашуды жоспарлауда.

Рейсті ашу 2015 жылы 26-27 ақпанда Сеул қаласында өткен Қазақстан мен Корея өкілдері арасындағы келіссөздердің арқасында мүмкін болды, оның нәтижесі бойынша екі жақтың тағайындалған авиокомпанияларына елдер арасындағы рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік беретін өзара түстіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осылайша, екі мемлекет астаналары арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына - 2 рейс, ал елдер арасында аптасына - 6 рейс, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Эйр Астана» авиакомпаниясы:
Аптасына 2 рейс жиілікпен Алматы - Сеул - Алматы бағыты бойынша;
Аптасына 1 рейс жиілікпен Астана - Сеул - Астана бағыты бойынша ұшырылымдарды орындайды.