Сеулде көз жұмған қазақстандықтың мәйітін елге жеткізу шығынын Корея тарапы көтерген

«Біздің Сеулдегі елшілігіміз қолдан келгеннің бәрін жасады. Келесі күні Корея тарапымен, Кореяның Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізіліп, марқұмның денесін Ақтөбе қаласына дейін жеткізу шығынын түгелдей Корея тарапы көтеретіні туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ол мәйіт 3 қарашада Алматы қаласына ал 4 қарашада Ақтөбе қаласына жеткізілгенін еске салды
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қарашада мәйіт жеткізілді деген тексерілмеген ақпарат шықты. Өкінішке қарай, әлеуметтік желі арқылы ақша жинауға тырысқан жосықсыз адамдар тобы бар. Сонымен біз Корея тарапы барлық шығынды толығымен төлегенін айтқымыз келеді», - деді СІМ ресми өкілі.
Еске салсақ, Сеул қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық қыз мерт болды.
Фото: Yonhap