Сеулде «Орталық Азия және Корея Республикасы» 6-форумы өтеді

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Сеулде «Орталық Азия және Корея Республикасы» 6-форумы болып өтеді. Бұл  туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай басқарады. Форум аясында Қ.Сарыбай Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен және Сыртқы істер және сауда бірінші вице-министрі Ан Хо-Йонгпен кездесу өткізіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелері мен өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарының болашағын талқыға салады деп күтілуде.

«Сондай-ақ, форум аясында Оңтүстік Корея мен Орталық Азия іскер топтарының қатысуымен Инвестиция және Қаржы форумы болып өтеді», - деді ол.

Айта кетейік, «Орталық Азия және Корея Республикасы» жыл сайынға форумын ұйымдастыру бастамасын 2007 жылы Корея тарапы ұсынған болатын. Форум аймақтағы елдердің Сеулмен сауда, инвестиция, білім беру, ғылым және технология, мәдениет және қоршаған ортаны қорғау секілді маңызды салалардағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарын тереңдетуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар