Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде көз жұмғандар саны 158 адамға жетті

СЕУЛ. Yonhap - ҚазАқпарат – Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кешінде көз жұмғандар саны өсіп, 158 адамға жетті. Одан бөлек 196 адам зардап шеккті. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
None

Бұған дейін 157 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оңтүстік Корея тарихындағы қаралы оқиғалардың бірі Сеулдың Итхэвон ауданында 29-30 қазанға қараған түні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар арасында 102 әйел мен 56 ер адам бар.

Еске салсақ, бұған дейін тар көшеде адамдар тобының мерекеге келген балаларды таптап кету оқиғасы салдарынан 156 адам көз жұмғаны хабарланды. Олардың арасында қазақстандық студент те бар. Сеулде көз жұмған қазақстандықтың мәйітін елге жеткізу шығынын Корея тарапы көтерді.


Соңғы жаңалықтар