10:20, 19 Қазан 2013 | GMT +5
Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабы жарық көрді
АЛМАТЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 22-ші қазанда белгілі саясаттанушы, публицист, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

«Олжас кітапханасы» баспа үйінен жарыққа шыққан тақырыбы жағынан өзгеше бұл туынды Қазақстан Журналистер академиясының және Қазақ Пен-клубының мүшесінің үшінші кітабы. Автордың бұған дейін шыққан «Служение нации» және «Казахская драма» кітаптарын оқырман қауым жылы қабылдаған болатын. Олар тақырыбы жағынан саяси сипатта болса, «Дао Алтая» - автордың ежелгі тарихқа саяхаты болмақ.
Шара барысында Сейдахмет Құттықадамның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылмақ. Оған қоғам қайраткерлері, танымал жазушылар, сондай-ақ Алматы қаласының кітапханашылары қатысады деп жоспарлануда.