Сейітқазы Матаев Алматының ғана емес, өзге ірі қалалардың да атауын өзгертуді ұсынды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев Семей, Өскемен және Павлодар қалаларының атауын өзгерту жөн деп санайды.
None
None

Ол «31-арнаға» берген сұхбатында тарихта қазақ тілінде «Семей» және «Өскемен» деген атаулар болмағандығын атап өтті. Сондай-ақ бұған дейін Павлодарды атау ұсынылған «Кереку» сөзі де болмаған. Матаевтың айтуынша, бұл сөз орыс көпесі Коряковтың есімінен шыққан.

Осыған байланысты Матав Семейді - Абай, Өскеменді - Қонаев, ал Павлодарды - Сәтбаев деп қайта атауды ұсынып отыр.

Бұған дейін Журналистер одағының басшысы Алматыға ескі атауы - Алма-Атаны қайтару бастамасын көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар