Сейітқазы Матаев тендерді заңсыз ұтып алған

Бұған дейін хабарланғандай, бұл сот ашық жағдайда өтіп жатыр. Процестен хабар таратуға келген журналистер сот залынан тікелей трансляция жасалып отырған арнайы жабдықталған баспасөз залында жұмыс істеуде.
Сотқа жауап беруге келгендер және олардың қорғаушылары сотқа ешқандай өтініш хаты жоқтығын мәлімдеді. Одан кейін сөз кезегі мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаевқа берілді. «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметін атқаратын Сейітқазы Матаев 2011 жылдың басында ашкөздік қызығушылықпен заңсыз жолмен баюды ойлайды. Өзінің қолындағы ақпараттарын талдап, салыстыра келе ол «Қазақтелеком» АҚ-ның ақшасын ұрлаудың жолын іздестіреді. Осы мақсат үшін, өзінің журналистер арасындағы беделін пайдаланып, иелігіндегі «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақтелеком» АҚ-ның арасында шарт жасайды. Шарт бойынша, «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру қажет болған. Одан әріде, С. Матаев «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлерін БАҚ-тарда жарияланған материалдар құнына келгенде қатты шатастырып, заңсыз жолмен қаражатын жымқырады. Ұрланған ақшаның жалпы көлемі 143 млн. теңгені құраған»,- деп хабарлады сотта Ержан Құрақбаев.
Айыптау нұсқасы бойынша, Сейітқазы Матаев 2010-2015 жылдары алдын-ала бір топ адамдармен келісіп, өзінің ұлы Әсет Матаевпен бірігіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы бюджет қаражатын ұрлаған. «Тендер құжаттарында техникалық сипаттаманың тек тендерді «ҚазТАГ» қана ұтып алатындай етіп дайындалғаны анықталды. Бұл заңнаманы өрескел бұзу болып табылады. Мысалға, 2013 жылы агенттік күн сайын кем дегенде 5-7 сараптамалық материал, аптасына үш рет аталған тақырып бойынша сұхбат шығаруға міндетті болған. Алайда іс жүзінде бұл талап орындалмаған, материалдар аз шыққан, тіпті кейде жарияланбаған. Мұрағаттарда осы жұмыстың есебі ретінде қарайтын жарияланымдар жоқ»,- деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.
Оның сөзінен мәлім болғанындай, атқарылған жұмыстардың актілеріне «бармақ бастымен» қол қойылып отырған. Ержан Құрақбаев жалпы алғанда «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі арқылы ұрланған ақшаның көлемі 169 млн. теңгені құрағанын айтты. 2010-2015 жылдар аралығында Сейтқазы және Әсет Матаевтар өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат ету жолымен мемлекеттік сатып алу саласында жалпы сомасы 169 млн. теңгені құрайтын ірі көлемдегі қаражатты қымқырған. Бұл қаражат мемлекеттің ақпараттық саясатын насихаттауға бөлінген.
Бұған қоса, Сейітқазы Матаев өзінің жеке басының беделін пайдалана отырып, «Қазақтелеком» АҚ-ның 143 млн. теңгеге жуық ақшасын ұрлаған. Мұндай соманы компанияның есебіне өндіріп алу жөнінде зардап шеккен тараптың өкілдері мәлімдеді. Атап айтарлығы, компания өкілдері бірауыздан мәлімдегендей, С. Матаев тендерді заңсыз ұтып алып отырған, ал атқарылған жұмыстардың актісін ешкім тексермеген. Сонымен қоса, С. Матаев 200 млн. теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған көрінеді. Бүгінге дейін ол көрсетілген соманың шамамен 47. млн. теңгесін мемлекетке төлеп қайтарды.