Сейілбек Ысқақов Абай облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы Дін істері басқармасының басшысы болып Сейілбек Ысқақов тағайындалды.

Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Сейілбек Әбиұрұлы 1963 жылы 26 мамырда Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Ветеринария» мамандығы, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Семей облысы Шұбартау ауданы Бидайық ауылының «Сарықамыс» қой шаруашылығында бастады. 1987-1988 жылдары аталған қой шаруашылығының меңгерушісі, 1988-1994 жылдары бригадасының бригадирі болып еңбек етті.

1996-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының «Шағырай» ЖШС басшысы болды. 2003-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған. 2006-2010 жылдары Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі болып қызмет еткен.

Әр жылдары Аягөз қаласы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін атқарды. Осы лауазымға тағайындалмас бұрын Абай облысы «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы болған.

Соңғы жаңалықтар