01:21, 18 Шілде 2017 | GMT +5
Сейсенбі күні еліміздегі 5 облыста ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облытарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел15-20 м/с күшейді.
Күндіз Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде Алматыда қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.