Сейсмологтар Алматыдан 299 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қытайдағы жер сілкінісін Алматының сейсмикалық станциялары тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсмологтар Алматыдан 299 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
Photo: images1.ynet.co.il.

2023 жылғы 22 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 14:52-де (2023 жылғы 22 шілдеде сағат 08:52-де) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «САМЭ» ЖШС Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 299 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан», - деп хабарлады Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4,6. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.