Ш.Құдайбердіұлының қазасына 80 жыл толуына орай «Тәуелсіздік-ұлы мұрат» атты жиын өтті

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірден өткеніне 80 жыл толуына орай «Тәуелсіздік-ұлы мұрат» атты дөңгелек үстел өткізілді,
None
None

деп хабарлады аталған оқу ордасының баспасөз қызметінен.

2011 жыл қазақ руханияты үшін орны бөлек жыл. Биыл тұғырлы Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып, еліміздің тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен тұлғалардың бірі және бірегейі алаштың айтулы перзенттерінің бірі, ғұлама, ойшыл, философ-ақын Шәкәрім Құдайберді­ұлының өмірден өткеніне 80 жыл толып отыр.

Алқалы жиын барысында халқына мол мұра қалдырып, аты аңызға айналған ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.

«Сондай-ақ бас қосуға арқау болған тағы бір тарихи оқиға ол Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда Ислам дінінің басты қағидаларын, иман, ғибадаттарын халыққа түсіндіру мақсатында жазған «Мұсылмандық шарты» атты еңбегіне 100 жыл толуы. Бас қосу барысында аталмыш еңбектің ғылыми құндылығы мен тарихи маңызы сөз етілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар