Шағын бизнесте нәзік жанды басшылардың үлесі басым

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы әйелдер үлесінде.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» қорының басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

«Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы әйелдер үлесінде. Мысалы, бюджеттік салада барлық жұмысшылардың үштен екісі әйелдер», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, бизнестегі заңды тұлғалардың ішінде әйелдердің үлесі 23 пайызды, ал жеке кәсіпкерлердің арасында 52 пайызды құрайды.

Белгілі болғандай, жыл өткен сайын көптеген әйелдер киім және аяқ киім, азық-түлік өндірісіне жұмысқа ағылуда және ақпараттық технологиялармен айналысуда. Алайда, қазақстандық әйелдер үшін қонақ үйлер мен мейрамханалар, сауда, коммуналдық, әлеуметтік және жекелеген қызметттер мен ауыл шаруашылығы сынды бағыттар ең басты салалар ретінде қалып отыр. Маркетингтік зерттеулерге қарағанда, шағын бизнес кәсіпорындары басшыларының 61 пайызы - әйелдер.

Соңғы жаңалықтар