Шағын қалалардың проблемаларын әкімдер шешуі тиіс - С. Ахметов

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Шағын қалалардың проблемалары аумақтық даму бағдарламасы аясында әкімдермен шешілуі тиіс, және моноқалалардың тізімі толықтырылмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Теміртауда өткен моноқалаларды дамыту бойынша республикалық көшпелі семинар-кеңесте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов мәлім етті.

Шара барысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім еткендей,  Қазақстанда 41 шағын қала бар.

«Аумақтық даму бағдарламалары бар. Моноқалаларды дамыту тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін (шағын қалалардың түйіткілдерін шешу үшін), бірақ өңірлік даму аясында ғана. Бұнымен әкімдер айналысуы тиіс, өйітпеген жағдайда біз аса ұсақ елді мекендерге дейін түсіп қалуымыз мүмкін. 27 моноқаланы іріктеу кезінде Үкімет нақты критерийлерді ұстанды», - деді С. Ахметов.

«Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарлары, әсіресе инвестицияларға қатысты бөлігі  ведомствоаралық комиссияда қорғалатын болады. Республикалық бюджет қаражатын күтіп отыра берудің қажеті жоқ. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс істеп, жеке әлеуетті дамыту керек», - деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар