Шағын қаражаттық ұйымдар арқасында мыңдаған азаматтар өз істерін дөңгелете алды - Ш.Жүсіпов

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Елбасының биылғы Жолдауында «Даму әлеуеті жоғары елді мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады», делінген еді.
None
None

Мемлекет басшысы бүгінде шағын несие ұйымдары қызметінің құқықтық негіздері бар екенін атап өтті. Олардың нарықтағы жалпы саны 1200 және олар тұрғындарға 110 мыңнан аса несие берді. Алайда, негізінен, олар тұтынушылық мақсаттарға жұмсалуда. Бұл жағдай мен басымдықты тұтынушылықтан тіршілік айналымына қарай өзгерту керек, деген талап қойды.

«Біз бұл бағытта Президентті толық қолдаймыз. Егер, бұрын тек банктік заемдар мен «көлеңкелі» өсім жолдары қолжетімді болса, қазіргі уақытта қарыз алушылар үшін ең төменгі мөлшерлі талаппен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындарға шағын қаржылық ұйымдар көмекке келеді», - деп мәлімдеді Қазақстан шағын қаражаттық ұйымдар қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар Жүсіпов.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, 2010 жылдың 1 қазанында 3 тоқсанға 40 млрд. теңгелік 275 мың шағын несие берілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда, 2009 жылы 37,7 млрд. теңгелік 190 мың шағын несие, ал 2008 жылы 32,4 млрд. теңгеге 171 мың шағын несие берілген. «Бұл көрсеткіштер еліміздің он мыңдаған тұрғындарышағын қаражаттық ұйымдар арқасында өз тіршіліктерін дөңгелете алды дегенді білдіреді. Ал кәсіпкерлер бұрынғысын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашты», - дейді Ш.Жүсіпов. Оның пікірінше, бұл секторға мемлекеттік органдардың бақылауы керек.

Соңғы жаңалықтар