18:06, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Шағын кәсіпкерлікті заңсыз тексергені үшін 1200-ден астам лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан прокурорлары 26 мыңнан астам заңсыз текерудің жолын кесті.

Бұл туралы бүгін Астанадағы семинар-кеңесте Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегеі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлім етті.
«2012-2013 жылдары ғана тіркеуден өткендеріне 3 жыл толмаған шағын бизнес субъектілеріне қатысты 26 мыңнан астам осындай заңсыз жоспарланған тексерулердің жолы кесілді»,-деді комитет төрайымы.
Оның сөзіне қарағанда, жалпы 1200-ден астам лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекітіліп қойылған тексеру жоспарларын зерделеу нәтижесінде жүздеген заңсыз тексеріс фактілері анықталды.