Шағын және орта бизнес субьектілерінің жартысын әйелдер басқарады - Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес субьектілерінің жартысын әйелдер басқарады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
None
None

"Еліміздегі шағын және орта бизнестің 42 пайызын әйелдер басқарып отырғандығын қуанышпен атап өткім келеді. 1,2 млн. кәсіпкердің шамамен 600 мыңы - әйелдер", - деді ол Астанада өтіп жатқан Әйелдердің еуразиялық саммитінде.

Оның сөзі бойынша, әйелдер қазіргі уақытта экономиканың ерлерге тән: көмір, xимия өнеркәсібі, темір және бетон жабдықтары сынды салаларында істеуде.

"Бірақ, біз әйелдерді ерлер істейтін салаларды игеруге үгіттеп отырғанымыз жоқ", - деп атап өтті Г. Әбдіқалықова.

Мемлекеттік xатшы әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуларында Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы көп рөл ойнайды деп есептейді.

"Биыл қауымдастық 20 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар аралығында қауымдастық Президенттің гендерлік теңдік бағытындағы стратегиясын орындаудың сенімді серігі бола білді", - деп түйді сөзін ол.

Соңғы жаңалықтар