Шағын және орта бизнеске берілетін несие жылына 12 пайыздан аспайды- Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 6-сы ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берілетін несие жылына 12 пайыздан аспайтын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Біз банктер арқылы қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыруға жағдай жасаймыз. Бұл мақсатқа біз 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы қарастырып отырмыз. Несие төлеу мерзімі 7 жылға жоспарланып отыр. Сонымен қатар заем алушыға бөлінетін қаржының ең көбі 750 млн. теңгені құрайтын болады. Меніңше, бұл өте маңызды шешім», деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар