Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығына берілетін несиені 7 пайыздан асырмауымыз керек - Н. Сабилянов

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мен Үкіметтің бірлескен іс-қимылын толық қолдаймын. Өйткені бұл біздің экономикамызды дамытуға өз әсерін тигізеді.
None
None
Бұл пікірді бүгін Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру мәселесіне қатысты «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабилянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. - Мен Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың іс-қимылын толық қолдаймын. Бұл азамат Парламентке келіп, түсіндірме жұмыстарын ашық жүргізу арқылы жүзеге асырып жатыр. Яғни, біздің сенімімізді ақтап отыр. Біз халықпен кездесуге барамыз. Бұл саясаттың дұрыс екенін, жүргізіліп отырған саясат біздің экономикамыздың дамуына қолдау болатынын түсіндіруіміз керек. Өйткені бізде сыртқа шығарылатын тауарлардың бағасы қымбаттайды. Яғни, біздің бюджетімізге түсім көбейеді. Мен онымен толық келісемін. Ал бірақ сыртқа шығаратын тауарларды өндіретіндер шетелдік компаниялар. Олар мемлекеттің мүддесін ойлап отырған жоқ. Олардың салық төлеуін қарап көрсек, бар-жоғы 2,5 пайыз бен 10 пайыз көлемінде ғана. Кәрім Мәсімов мырза салық ауыртпашылығы 1 пайыз ғана деп дұрыс айтты. Сондықтан олардың төлейтін салық мөлшерін көбейтуіміз керек. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығына берілетін несиені 7 пайыздан асырмауымыз керек. Сонда ғана біз ауыл шаруашылығын өндірушілерді және жалпы халықты қолдай аламыз», - деді депутат.
Соңғы жаңалықтар