Шағын және орта бизнесті қолдауда аса радикалды жолмен жүрген ләзім - сенатор Е. Иманқұлов

АСТАНА. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша аса радикалды жолмен жүрген ләзім. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми инновациялар және интернационалдық жобалар саласы бойынша ресми консультанты, Кемнитц қаласындағы (ГФР) Техникалық Университетінің профессоры Вольфрам Шарффпен кездесу барысынде сенатор Еділбай Иманқұлов осылай мәлім етті.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, аталған шара барысында шағын және орта бизнес жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланған болатын.

«Бүгінгі күні Экономикалық даму және сауда министрлігі тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту үшін преференциялар қолданылып, бағдарламалар қабылданып жатыр. Біздің ойымызша бұның бәрі толыққанды емес, жартылай шаралар ғана. Сондықтан, бізге бұл бағытта аса радикалды жолға қадам жасау керек, менің ойымша біздің комитет (Экономикалық және өңірлік саясат комитеті) бұл жұмысты аяғына дейін жеткізеді», деді сенатор. Сонымен бірге, Е. Иманқұлов шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша халықаралық тәжірибелерге де тоқталып өтті. Ол бұл ретте немістерді орта кәсіпкерлікте тамаша жетістікке шығарған бизнесті дамыту үлгісін де мысалға келтірді. Сенатордың сөзіне қарағанда, аталған елде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 97 пайызды құрайды екен.

Сонымен бірге, кездесуде В.Шарфф ГФР-дағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибесі туралы әңгімелеп, шағын және орта бизнес секторын нығайтуға, инфрақұрылымды дамыту және құрамдас инновацияны енгізуге арналған заңнамаларға тоқталды.

Соңғы жаңалықтар