Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған 117 миллиард теңге көлеміндегі қаржы екінші деңгейлі банктерге жеткізілді ?«Даму» қоры

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырмаларына сәйкес, Кәсіпкерлікті дамытудың «Даму» қоры
None
None
жүзеге асырып отырған заемдық қаржыны шартты орналастыру бағдарламасында (3-ші транш) екінші деңгейлі банктерді транштық қаржыландыру бір жолғы қаржыландыруға ауыстырылды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа «Даму» қорының баспасөз қызметінен. Осылайша, 2009 жылғы ақпанның 25-індегі жағдай бойынша, 117 миллиард теңге көлеміндегі сома толық екінші деңгейлі банктерге аударылды. «Даму» қоры басқармасының төрағасы Ғосман Әмриннің айтуынша, «қаржыны екінші деңгейлі банктерге біржола аудару туралы шешім қаржыны нақты заемшыларға жеделдетіп жеткізу мен мемлекеттік шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шарасын тездетумен мазмұндалып отыр».
Соңғы жаңалықтар