Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болып отыр

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Заман» қауымдастығының төрайымы Айгүл Түркинаның пікірінше, бұл, әсіресе, қазіргідей дағдарыс кезінде аса маңызды. Мұның қысқа мерзімге жариялануы Үкіметтің ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мен шағын кәсіпкерлікті дамыту, екінші деңгейдегі банктерге қаржы бөлу бағытында алған шараларының нәтижесіне байланысты болып отыр деп түсінуге болады. Бұл орайда нақты мониторинг жүргізілсе, дұрыс болар еді. Мұны тәуелсіз қоғамдық ұйымдар өкілдері атқарып шыға алар еді. Әрине, дағдарыс кәсіпкерлердің өз күшін жұмылдырып, тұйықтан шығу жолдарын іздестіруді талап етеді. Осы ретте үнемдей біліп, кадр саясатын да оңтайлы жүргізе білу керек.
Соңғы жаңалықтар