Шағын және орта бордақылау алаңдарын субсидиямен қамтуды ұсынамыз - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және орта бордақылау алаңдарын субсидиялармен қамту мақсатында бұған дейінгі әдістемені қайта қарастыру керек. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қостанай облысында өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов баяндады.
None
None

«Бүгінде мал бордақылайтын ірі алаңдар ғана субсидияланып отыр. Осының нәтижесінде, негізгі 5,7 млрд. теңге көлемінен 4,7 млрд. теңге көлемінде бөлінген субсидиядан 24 кәсіпорын ғана субсидия ала алады. Ал қалған 1,0 млрд. теңге бөлігін 149 кәсіпорын өзара бөлісіп алады», - деді ол.

«Біз аталған әдісті шағын және орта бордақылау алаңдарын субсидиялармен қамту мақсатында қайта қарастыруды ұсынамыз», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Айта кетейік, Кеңеске облыстың және шекаралас аймақтардың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның Ет одағы» ДКЖЗТБ, «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ, «Қазақстаның фермерлер одағы» РҚБ және де «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өкілдері мен еншілес ұйымдары қатысты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар