Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий жариялау туралы - ҚР Үкіметінің қаулысы

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы ақпанның 17-сіндегі қаулысына қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыШағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторий жариялау туралыШағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы ақпанның 17-сінен бастап 2009 жылғы шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу үшін салық төлеушінің өтініші, қарсы салықтық тексеру және хронометражды тексерулер негіз болып табылатын салықтық тексерулерден, қылмыстық іс-әрекеттердің алын алу мақсатында тиісті заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерулерден, қоғамдық тәртіпті сақтауға, адам құқығы мен бостандығына, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына бағытталған іс-қимылдардың алдын алуға арналған тексерулерден, Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызды қалалар маңындағы жерлерді беру мәселелері бойынша тексерулерден, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің толықтығы мен өз мерзімділігінің мән-жайына, қызметкерлер санын немесе штатын қысқартудың заңдылығына арналған, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерулерден өзге тексеруді тоқтатсын.2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды қабылдасын.3. Индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, әділет, қаржы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қауымдастықтармен (келісім бойынша) бірлесе отырып 2009 жылғы сәуірдің 15-індегі мерзімге дейін Шағын және орта бизнеске арналған әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-ахуалды жақсарту бойынша комиссияның қарауына жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру үшін тәуекелдерді басқарудағы мемлекеттік органдар жүйелерін енгізу жөніндегі ұсыныстарын енгізсін.4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Соңғы жаңалықтар