Шаханға жаңа әкім тағайындалды

Шахан әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Сайра Сағадиеваның айтуынша, ауылдың жаңа әкімі болып бұған дейін жұмыспен қамту орталығының диркторы қызметін атқарған Ғалым Өмірбеков сайланды.
Айта кетейік, 23 тамыз күні Шахан қалалық сотының судьясы Мағауя Балапановтың үкімімен Шахан ауылының әкімі Мұрат Жақыпов, оның орынбасары Әкетай Нәжімеден, Шахан әкімі аппаратының коммуналдық мәселелер жөніндегі бас маманы Мәрия Жұмабекова, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, автожолдар және тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Алмас Омарханов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тұрғын үй секторының бас маманы Нұржан Маханбетов шартты мерзімге сотталды. Олардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тергеу нәтижесі бойынша, олардың әрекетсіздігінен жылу қазандығы өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес күйде пайдалануға беріліп келген.