Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан 1139 адам зардап шеккен
АСТАНА. KAZINFORM — Иранда Шахид-Раджаи портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны артып, 1139 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Иран Үкіметінің өкілі Фатеме Мохаджерани мәлім етті.
Оның сөзінше, қазір порттағы жағдайға бақылауға алынды. Соңғы мәліметтерге сәйкес Иранның медициналық мекемелерінде 1139 адам емделіп жатыр.
— Олардың кейбіреуі Шираз бен Лурестанға әуе көлігі арқылы жеткізілді, — деп жазды ол X әлеуметтік парақшасында.
Еске салсақ, күндіз Бендер-Аббас портында жойқын жарылыс болды. Оның себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда 47 адам жараланғаны және 8 адам қаза тапқаны хабарланған, бірақ кейін зардап шеккендер саны 750-ге жетті. Сонымен қоса 14 адам опат болды.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан порттың бір бөлігінің қатты зақымданғанын көруге болады.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Иранның жарылыс болған портының Қазақстан үшін маңызы қандай екені нақтыланды.
Бұдан бөлек, Ирандағы жарылысқа зымыран отынының компоненті себеп болуы мүмкін екені айтылды.