Шахмардан Байманов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімі негізінде Шахмардан Асқарұлы Байманов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде Шахмардан Байманов қоғамдық даму, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім, дін және жастар ісі мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Шахмардан Асқарұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің «саясаттану» мамандығы бойынша түлегі, әлеуметтік білім магистрі.
Ш. Байманов әр жылдары үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінде жоғары басшылық лауазымға дейінгі жолдан өтті.
2012-2017 жылдары Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болған.
2017-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, комитет төрағасы лауазымдарын абыроймен атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.